Мешіт имамдары біліктілігін арттырды

Мешіт имамдары біліктілігін арттырды
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен 30-31 шілде аралығында мешіт имамдары арасында біліктілігін арттыру курсы өтті.
«Зайырлылық және дін – біртұтас қоғам» тақырыбында өткен екі күндік курс жұмысына дәріс жүргізу үшін Алматы қаласынан республикамызға танымал білікті теолог, «Пікір діндерді қолданбалы зерттеулер орталығының» директоры А.Сабдин арнайы шақыртылды.
Курсты облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев ашып, дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолындағы аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып өтті. 
Курстың алғашқы күнінде дәріс оқыған теолог А.Сабдин зайырлылық қағидаттары, деструктивті діни ағымдарға тоқтау салу жолдары, тиімді әдіс-тәсілдер сынды бірқатар көлемді тақырыптарды қамтып, қарапайым халыққа дінді дұрыс жеткізудегі маңызды мәселелерге тоқталды.
Сондай-ақ, курста «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы М.Омаров имамдарға дәріс жүргізіп, мешіт жамағатымен жұмыс жүргізудегі тәжірибесімен бөлісті.
Курс жұмысы арқылы қала және аудан орталықтарынан келген мешіт имамдары қамтылып отыр.