Атырау: Еламан Бегалиев Құрманғазы ауданының бас имамы болып тағайындалды

3 наурыз, 2020 жыл. Бүгін Еламан Бегалиев  Құрманғазы ауданының бас имамы болып тағайындалды.
Жаңа имамды жұртшылыққа бүгін жұма намазы алдында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Ғазизов таныстырды.
Бұған дейін жергілікті орталық мешіттің наиб имамы қызметін атқарып келген Еламан Бегалиев енді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Құрманғазы аудандық орталық  «Темірәлі» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалып отыр.
«Дін – өте нәзік сала. Жаңа қызметте Еламан Бегалиевтің кәсіби шеберлік танытып, асыл дінімізді насихаттап, рухани ағарту саласында жұртшылықпен ынтымақтастықта еңбек етеріне сенім мол» деп атап өтті өз сөзінде Мұрат Ғазизов.
Ал, бұған дейін Құрманғазы ауданының бас имамы қызметін атқарған Мейрамбек Қожахметов басқа қызметке ауысты.