Шәкірттер "Діни сауат ашу курсын" тәмамдады.

Шәкірттер "Діни сауат ашу курсын" тәмамдады.
«Оқу-инемен құдық қазғандай» демекші Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде 30 шақты шәкіртке діни сауат ашу курсы басталып, шәкірттер білім нәрімен сусындап жатыр. Дәрісті білімді де білікті Жамбыл имам-ұстаздар жүргізіп келеді. Сонымен қатар дәрістен тыс шәкірттерге арнайы футбол, табиғат аясына шығып тынығу секілді шаралар ұйымдастырылған. Көңілдеріне қуаныш дәнін сепкен «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш діни сауат ашу курсын тамамдаған шәкірттерді Алғыс хат,сыйлықтармен марапаттап,дастархан жайып ата-аналар,ауыл тұрғындары, шәкірттер алғыс айтып, рахметпен тарқасты.