Алланы еске алу арқылы жүрек жай табады


Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеше барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын. Алла тағала:«Алла жер жүзіндегі барлық нәрсені сендер үшін жаратты, соңынан аспанды жаратуға кірісті де, оны ақаусыз жеті қабат етіп орналастырды. Ол барлық нәрсені білуші»[11], – десе, Рағыд сүресінде:«Біліп қойыңдар! Жүректер тек қана Алланы еске алу арқылы жай табады»[12], десе,«Өзің білмейтін нәрсеге ілеспе!(Білмегенді білдім, естімегенді естідім, көрмегенді көрдім деме!)расында, құлақ, көз, жүрек барлығы тергеуге түседі»,[13]– деген.  Адам мүшелерінің сезімі анасының құрсағында беріледі. Дүниеге келгеннен кейін оны жанұядағы тәрбиесімен, білімімен, өмірлік тәжірибесімен жетілдіреді. Бұның бәрі Алланың берген үлкен нығметі. Құранда: «Егер Алланың сендерге берген нығметтерін санасаңдар, санап тауыса алмайсыңдар», – делінген. Құранның алғашқы сөздері де жаратқан Раббыңның атымен оқы деп, әрбір істің басы біліммен болатынына меңзеп тұр. Имам Бұхаридің:«Бір нәрсені айтудан және істеуден бұрын білім алыңдар», –деген сөзі бар.
Барша дін қызметкерін Құранды мүмкіндігінше үздіксіз хатым етуге үндеймін» деген Бас мүфти бастамасы еліміздегі құлшылық ордаларында жүзеге асуда.
 Үндеуге үн қосқан ҚМДБ Атырау облысы,Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінің жамағатпен жиырма бірінші  Құранды толықтай аяқтап, хатым дұғасын «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жасады.  Алла Тағаладан күллі әлем халқының басына төнген індеттен сақтауын сұрап, арнайы дұға жасады."Қапан қажы"мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti. kz сайты және Islam_Kulsari. kz инстаграм парақшасында  Құранның хатымы жариаланып тұрады.