9 мамыр – Жеңіс Күні

Құрметті ауыл тұрғындары! 

9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. 
Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың,мешіттеріміздің гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке,Қасиетті Рамазанның шарпатын тілеймін!
Сіздерді Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ізгі тілекпен: "Қапан қажы"мешітінің имамы
Жамбыл Демеуұлы