Мешіттер әзірге ашылмайды: Атырауда жарияланған жеңілдетілген карантин талаптарының толық нұсқасы жарияланды

11 мамыр, 2020 жыл.  Карантин режімінің 25 мамырға дейін созылуына орай, Атырауда жеңілдетілген карантин талаптары жарияланды.
Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция
ауруының алдын алу бойынша шаралар туралы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
№44
ҚАУЛЫСЫ
Мен, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мусағалиев Темірбек Сарымович коронавирус инфекциясының таралуын ескерту мақсатында, «Халық денсаулығы және халық саулығы жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабына сәйкес, Атырау қаласы аумағында COVID-19 ауруының тіркелуіне және ауру деңгейінің 7 күн ішінде 7 пайыздан жоғарылауына байланысты
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Атырау облысы аумағында шектеу шараларын және Атырау қаласындағы эпидемиологиялық ахуал толықтай тұрақтанғанға дейін карантин режимі 2020 жылдың 25 мамыры сағат 7:00- ге дейін созылсын;
11 мамыр сағат 7:00-ден 25 мамыр cағат 7:00-ге дейін Атырау облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабымен бекітілген блок-бекеттерден өту ережесіндегі жағдайларды қоспағанда, Атырау қаласының карантиндік аймағынан өтуге тыйым салынсын;