Рамазан айының қасиетінен

Рамазан айының қасиетінен, шарапатынан үміт етіп Атырау облысы, Жылыой ауданы, шоқпартоғай кентіндегі Сайын-Гүлсім шаңырағында ауыз ашар дастарханы 25 адамға жайылды . Дастарханда 85 жастағы Жақсылық ақсақалмен бірге болдым. Қапан қажы мешітінің имамы Ж.Ыбыраш келген жамағатқа тартымды уағыздарын айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді . Ауылымыздың азаматтары Балжігітов Сейтжан, Байжанов Ақболат малдарынан зекет беріп, мұқтаж жандарға таратылды. Саменов Саламат мешіт терезелеріне тор салып берді .Алла разы болсын!!!.Істеген істері ертең қияметте алдарынан сауап болып шығуды Аллаһ нәсіп етсін.