
1-Ауылдық окруктегі санитарлық қауіпсіздік шараларды күшейуде
2-Ауылдық округтегі халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу
3-Ауылдық округтегі мектеп оқушылырына үйлерінен шықпауды түсіндіру т.с.с. жұмыстар тапсырылды.Құрметті шоқпартоғай ауылы тұрғындары!
Осындай қиын кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз қажет. Қазіргі әлеуметтік желілердегі жалған әңгімелерге сенбей, ресми ақпараттарға ғана сеніңіздер. Жалған ақпарат тарататындар жауапқа тартылады.
Қазіргі таңда Жылыой ауданында ешбір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген жоқ.
Пандемиядан сақтанудың бірден бір жолы - үйде болу. Балаларыңызды сыртқа шығармай, үйде болуларыңызды сұраймын. Отбасылық іс – шараларды, яғни туған күндер, көрісу, құдалық сияқты дәстүрлерді мүлдем өткізбей, кейінге қалдырыңыздар. Вирусты жұқтырмау үшін көпшілік жерге бармаған дұрыс.
Бәріміз бір адамдай біріксек қана індетті жеңеміз!