«Қапан қажы» мешітінде пандемия құрбандарының рухына Құран бағышталып, дұға жасалды

13 шілде – Жалпы ұлттық аза тұту күніне орай еліміздің барлық мешіттерінде Қасиетті Құран оқылып, хатым дұғасы жасалды.“Қапан қажы” мешітінде,  Құран оқып, пандемиядан көз жұмған марқұмдардың рухына дұға бағыштады.“Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Онлайн Құран хатымға» қатысып, хатым дұғасын жасаған болатын. Осынау қысылтаяң шақта оқыдан дұғаларымызды Алла қабыл етіп, марқұмдардың жаны жәннатта болғай деп тілейміз.Елімізді есеңгіреткен жұқпалы індеттен қаза тапқандар үшін Раббымызға жалбарынып дұға етеміз. Алла тағала олардың жандарын жәннатта етсін, иманы мен ізгі амалдары қияметте серігі болсын. Отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Алла тағаладан бұл дертке шалдыққан бауырларымызға өз құдіретімен, рақымымен, шипа беруші сипатымен шипа бер деп сұраймыз. Жақын күндері бұл сынақтан ел болып аман есен өтуді, ертерек жұманың жамағатына қауышуды нәсіп етсін.Алладан елімізді қатерлі індеттен аман сақтауын сұраймыз” дейді «Қапан қажы» мешітінің Бас имамы Жамбыл Демеуұлы.