30 Құран хатым жасалып,тағы жалғасын табуда

Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеше барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын.
 Пайғамбарлардың  тарихындағы биік таулардың ішінен үңгіп сарайлар салған үмбет бүгіндері қайда? Әлемнің  жеті кереметіне енген ғажайып дүниелер сол заманның адам нанғысыз туындысы емес пе? Алланың берген ұлық нығметін көтере алмай талай үммет қатты азапқа ұшырады. Құранда:«Көптеген қалаларды, халқы залым болғандықтан ойрандап жібердік. Міне, бұлардың астан-кестеңі шығып жатыр және иен қалған құдықтар мен(қаңыраған)сарайлар жатыр»дейді. Жаратушы хақты танымай өздерін тәңірі деп көкірек керген талай патшалар мал-дүниесімен қош айтысты. Шал ақын жырлағандай:
«Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар,
Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,
Мал-мүлкің, қатын-балаң бәрі қалар», –деп, ақыретті естен шығармауды айтып отыр.Үндеуге үн қосқан ҚМДБ Атырау облысы,Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінің жамағатпен төртінші  Құранды толықтай аяқтап, хатым дұғасын «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жасады.  Алла Тағаладан күллі әлем халқының басына төнген індеттен сақтауын сұрап, арнайы дұға жасады."Қапан қажы"мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti. kz сайты және Islam_Kulsari. kz инстаграм парақшасында  Құранның хатымы жариаланып тұрады.
Сөз соңында айтарымыз, Алла тағала қыбламыз бір, кітабымыз бір, намазымыз бір деген үмметті Ислам туының астына біріктіріп, басқа ұлттар және діндегілермен жақсы мәмледе болуға шақырады.