«ҚАПАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАЛДЫ.

«ҚАПАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАЛДЫ.
Пайғамбарымыз Мұхаммед/с.ғ.с/ мүбарак хадисінде»Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп,оны өзгеге үйреткедерің»деген.Рамазан айындағы тарауих намазына жамағат жиналып,бүгін құран хатым болатындығын жамағат құлағдар еді.Мешіт имамы Жамбыл қажы Демеуұлы Құранға қатысты Алла Тағаланың сөзін жаттау,оған амал ету ең үлкен бақыт екендігін және Алланың беретін сауабын айта келе ,мешіт жамағаттары ішінде қолына құран алып,әуендетіп айна қатесіз оқитын бауырлардың көбеюі қуанарлық жайт екенін жеткізді.11 маусымда Жылыой мұсылмандары мешітінде өтетін Құран жарысына жамағатымыз Бисен Бекбол Асқар ұлы " Қапан қажы " мешітінің атынан бағын сынамақ.Дұға жасап қойайық.Мешітімізде әр бесін намазынан кейін бір пара құран оқылып жатыр және әр апта сайын бір құран хатым түсірілуде.Тарауих намаздан кейін 3-ші Құран хатым етіліп дұға жасалды.