CALL-ОРТАЛЫҚ 700-ГЕ ЖУЫҚ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРДІ

Тәулік бойы жұмыс істейтін ҚМДБ-ның Call-орталығы тамыз айының қорытынды есебін жариялады.
Тамыз айында республикалық сall-орталыққа 700-ге жуық қоңырау шалынды. Тұрғындардың 318-і – құлшылық, 72-сі – отбасы, 6-ы –  теріс ағымдар, 121-і – несие-қарыз, 134-і әртүрлі тақырыптағы сұрақтар бойынша хабарласқан. Одан бөлек орталықтың әлеуметтік желілері арқылы да бірнеше сұрақ қойылған.
Сұрақтар туындаған жағдайда ҚМДБ Орталық аппараты жанындағы Діни ақпарат орталығына (call-center) хабарласуға болады. Орталық мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.