Алла жолында садақа беру


Садақа берудің осы дүниедегі 5 пайдасы

  • Мал-дүниені тазартады;
  • Күнәларды өшіреді: "Су отты сөндіргендей, садақа да күнәларды өшіреді" (Тирмизи). "Садақа тәкәппарлықты жояды" (Тирмизи);
  • Ауру мен апаттан сақтайды: "Науқастарыңды садақамен емдеңдер. Садақа әрбір ауруды және бәлекетті қайтарады" (Бәйхақи риуаяты);
  • "Садақа беруде асығыңыздар. Өйткені апат садақадан оза алмайды" (Табарани, Бәйхақи);
  • Мұқтаж жанды қуантады. Ризықты арттырып, табысқа берекесін береді.
Садақаның ақыреттегі 5 пайдасы
  • Қияметтің үрейінен сақтап, көлеңке болады: "Садақа қабір азабынан сақтайды. Қияметте иесін өз қамқорына алады" (Бәйхақи)
  • Тозақтан құтқарады: "Жарты құрма болса да садақа беріп, тозақтан сақтаныңдар"
  • Таразыда сауабы басым болады;
  • Сырат көпірінен өтуі оңай болмақ;
  • Дүниесінің есебін беруде жеңіл болмақ.
Садақа беруде шамаға қарап амал еткен жөн. Әбу Бәкірдің қызы Әсма: "Ей, Алланың Елшісі! Жұбайым Зубайрдың берген мәхірінен басқа затым жоқ. Садақа берейін бе?" — деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Шамаңа қарап садақа бер. Дорбаның аузын бума, Алла да сенің ризығыңды буады", — дейді."Қапан қажы" мешітінің имамы Жамбыл Демеу ұлы жамағаттарға садақаның сауабы,Азан шақырудың пайдасы,мешіт кіргенде санитарлық талаптар мен әдептерді түсіндірді.

"Қапан қажы" мешітінің имамы                          Ыбыраш Жамбыл Демеуұлы