Қарттар күніне орай қайырымдылық іс-шара



Қариялар күніне орай ҚМДБ-на қарасты Жылыой ауданы Құлсары қаласы "Жылыой мұсылмандар" мешітінің ұйымдастыруымен ауданның бас имамы Жасұлан Қуанышұлының басшылығымен орталық  мешіттің имамдары қарттарды зиярат етіп, оларға рухани және материалдық көмек көрсетті.
Қайырымдылық іс-шарасы аясында имамдар қарттардың тыныс-тіршілігімен танысып, азық-түлікпен көмек көрсетті. Қариялар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын айтып, батасын берді.
Осындай игі шаралар жыл сайынғы дәстүр екендігін айта кеткеніміз жөн.