Жылыой орталық мешітінде Құран жарысы өтті



Ерекшелігі, жарыс әйел жамағаты арасында ұйымдастырылды.

Қатысушылар “Бәйнә”, “Нас” аралығындағы сүрелерді жатқа айтудан өзара бақ сынасты. Жылыой орталық мешітінің ұстазы Айнұр Қазақбаеваның қазылық етуімен өткен жарыста бас жүлде Гүлжан Серіковаға бұйырды.
Гүлназ Амантай Құран жарысынан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды Айнагүл Аманқосова мен Аружан Сағынғали өзара бөлісті.
Жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтарды Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев арнайы тапсырды.
Еске сала кетелік, Құран жарысында барлығы 10 әйел жамағаты бақ сынасты.