Атырауда Абайдың қара сөздерін жатқа айтудан жарыс өтті

Хакім Абайдың 175 жылдық мерейлі датасы аясында өткен рухани шараны Атырау облысының орталық “Иманғали” мешіті және “Шапағат” деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Аймақтық деңгейде өткен сайыс үш турдан тұрды. Бірінші кезеңінде қатысушылар Абайдың кез-келген бір қара сөзін жатқа оқыды. Кейін қазылар тарапынан қойылған  қосымша сауалдарға жауап берді.
Екінші кезеңде үміткерлер билет  суырып, ондағы қойылған сауалдарға жан – жақты жауап берді.
Үшінші кезеңде қатысушылар жұпқа бөлініп, өзара қара сөзді жатқа оқу арқылы сайысты.
Бірнеше сағатқа созылған рухани бәсекеде бірінші орынды Махамбет ауданынан қатысқан Сейітжан Құжырбаев иеленді.
Екінші   орынға Атырау қаласынан қатысқан үміткер Хасан Досболатұлы лайық деп танылды. Үшінші орын екі қатысушы арасында бөлінді.
Исатай ауданынан қатысқан Зарина Нұрғали және Атырау қаласынан қатысқан Жанаргүл Есенғазиева өзара бөлісті.