Төлеп /Үстірт/ ауылдық мешіті




Төлеп
(1994 ж. дейін - Каменный) — Маңғыстау облысыБейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Төлеп ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Іргесі 1965 жылы Бейнеу – Ақтау темір жолын салуға байланысты қаланды. Ауыл 1994 жылға дейін "Каменный" деп аталып келген. Ауылда клуб, пошта, темір жол дистанциясының бөлімшесі, ұлутас өндіретін 2 кеніш, шағын бизнес нысандары, телехабар тарататын қондырғы, телефон стансасы,Төлеп ауылдық мешіті  бар. "Арнайы діни білімді маман жетіспеушілігіне байланысты Бейнеу ауданына қарасты Төлеп және Сарға ауылдық мешіттеріне енді дін қызметкерлерін тағайындап жатырмыз. Облыста діни білімді әрі білікті маманға сұраныс бар", - С. Сейітбеков.