Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінің жамағаттарына кітап таратылды.

Бүгін Атыраудағы орталық мешіттен бастап, барлық қалалық, аудандық және ауылдық елді мекендердегі мешіттерде бесін намазына келген жамағатқа бір мезетте “Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ” кітапшасы  барлық келушіге санитарлық талаптарды сақтай отырып үлестірілді.
“Екінші қарашадан бастап, еліміздегі барлық мешіттерде бес уақыт намаз жамағатпен оқылып жатыр. Дегенмен, пандемияға байланысты, намаз алдында уағыздар айтылып жатқан жоқ. Қазіргі таңда уағыздар онлайн форматқа көшірілді. Біз бүгін  барлық мешіттерде бір мезгілде жамағатқа кітапшалар үлестіре отырып, орын алып жатқан жағдайларды сабырмен қабылдап жатқан жамағатқа ризашылығымызды жеткіздік” дейді "Қапан қажы" мешітінің Бас имамы Жамбыл Демеуұлы.