«Діни терроризм мен экстремизмнің алдын-алу»

«Жылыой ауданы, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 Жылыой аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Нұрғазиева Зияда және «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы,Ардагер ұстаз жаттықтырушы Сарсенғалиев Бекболат,жаттықтырушы ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен «Діни терроризм мен экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізді. Теріс ағымдағы діни идеологияның кіруіне жол бермеу мақсатында Жамбыл имам жастарға тартымды уағыздарын айтып,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өткізілген шараға 38 адам қатысты.