Елімізде “Құран әліппесі” видеосабақтары басталды

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа жобаның тұсауы кесілді.
Карантин режиміне сәйкес қазіргі таңда онлайн көрсетілімдер мен бейне сабақтардың маңызы айрықша болып тұрғаны белгілі. Осыған орай, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайтында «Құран әліппесі» бейне сабақтары басталды.
Сондай-ақ бейне дәрістер Діни басқарманың «Халық арна» телеарнасынан да көрсетіледі.
Жүйелі түрде жүргізілетін бейне сабақтар әр апта сайын шығып отырмақ. Елімізге белгілі қари, «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерлан Базарбайұлы жеңілдетілген әдіс-тәсілдер бойынша қысқа мерзім ішінде араб әліпбиін үйретіп, қасиетті Құран кәрімді тұпнұсқадан оқитын деңгейге жеткізеді.