Мүфтият Қазақстанда зират басына зәулім ескерткіш тұрғызбауды ұсынды

Бүгін елордада өткен республикалық имамдар форумында «Ас беру мәд­ениеті», «Зират және зиярат ету мәдениет­і», «Зияткер имам» құжаттары қабылданды.
Аталған құжаттар елі­міздегі құдайы ас бе­ру мәдениетін қалыпт­астыруға, ысырапқа жол бермеуге, зиратты зиярат ету рәсімі кезінде дін талаптарын ескеруге үндейді.
“Садақа, құдайы ас өт­кізу кезінде артық ысырапқа жол берілмес­е, зират басына зәул­ім ескерткіштер, сән­ді қоршаулар, мүсін-­кеуделер тұрғызылмаса дейміз.
Қымбат құл­пытастар мен үлкен ескерткіштерге кететін қаражат жетім-жесі­рге, ағайын-туысқа қарайласуға, білім ор­даларын тұрғызуға, пайдалы кітаптар мен оқулықтар шығаруға, жол, көпір салу сынды сауабы мол істерге жұмсалса деген тіле­гіміз бар. Шариғат заңдары мінд­етті түрде зираттарды сәндеуді, зәулім ескерткіштер орнатуды талап етпейді” деп хабарлады Бас мүфтидің баспасөз-хатшысы Ағабек Қонарбайұлы өзінің “Фейсбук” желісіндегі парақшасында.