Алтынбек Ұтысханұлы мерекелік медальмен наградталды

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдады.

Президенттің құттықтау сөзі LED экранда бейне жазбада берілді. Мемлекет басшысы ең алдымен форум қатысушыларын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, IV республикалық имамдар форумы мүфтияттың ұйымдастырушылық қызметін жаңа бір белеске көтеріп, рухани бастамаларға тың серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар форум жұмысына жаңа жетістіктер тіледі.

Айта кетсек, форум мақсаты – мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыру және зияткер имам мәртебесіне лайықты дін қызметкерлерін іріктейтін құжаттарды қабылдау.

Форумның қорытындысы бойынша «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданады. Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.

Алтынбек Ұтысханұлы мерекелік медальмен наградталды

✅ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2020 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлын мерекелік медальмен марапаттады.
Осылайша, Қазақстан бойынша мүфтияттың 19 өкілдігінің бас имамдары «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалін тақты.
✅«ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалі бас имамдардан бөлек өңірлердегі 68 имамға тарту етілді.
Жылдың қорытынды жиынында Бас мүфти сындарлы сәтте жақсылықтың жаршысы бола білген имамдар қауымына, мешіт қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
«Сынаққа толы 2020 жылды да аман-есен өткердік. Ел басына күн туғанда жақынына жанашыр болған азаматтардың алғы шебінде ақ сәлделі имамдарымыз жүрді. Карантин уақыты ✅Рамазан айына тұспа-тұс келгенде мешіттерде бас қосып, ауызашар бере алмаса да, ауызашар қоржындарын таратып, оразаның қуанышты сәттерін жамағатқа сездіре алған да, Құрбан айт келіп, қашықтан құрбан шалуға өкіл болып, көптің аманатын мойнына жүктеген де имамдарымыз еді.
Күні кеше өткен имамдардың IV республикалық онлайн-форумында да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері дін қызметкерлерінің еңбегін бағалап, алғысын білдірді. Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы Діни басқарманың 30 жылдығы құтты болсын» деді Бас мүфти.