Бас имам қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады

Бас имам қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы қала және аудан имамдарын орталық "Иманғали" мешітінде жинады.
Жиын барысында Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады. "Берекеге толы ай Рамазан мұсылман мен мұсылманды бауыр ететін қасиетті ай. Сондықтан, бұл айда жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін азаматтарымыз да назардан тыс қалмауы тиіс" деп атап өтті өкіл имам.
Жиын барысында отыз күн оразада намаз алды және намаздан кейін айтылатын уағыз тақырыптарын бекіту, ауызашар кестесін реттеу, жамағат арасында ауызбірлікті арттыратын өзге де шаралар ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Және ораза кестесін жамағат арасында тарату туралы да тапсырмалар берілді. 
Айта кетелік, Рамазан жайында Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстасын. Егер біреулер ауру болып немесе жол сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» делінеді. Қасиетті айды сауапты амалдармен өткеруді нәсіп еткей.