"Қапан қажы" мешіті жұртшылыққа 200 маска таратты



"Қапан қажы" мешітінде жамағаттың бірлесуімен 200 бетперде алынып.
Бетперделерді Шоқпартоғай көшелерінде "Қапан қажы "мешітінің бас имамы Жамбыл Ыбыраш бастаған мешіт қызметкерлері тұрғындарға үлестірді.
“Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен елімізде “Қайырымдылық керуені” жобасы іске қосылған болатын. Әлемді дүрліктіріп жатқан бүгінгі жағдай бізді игілікті істер жолында біріктіруі тиіс. Біз елордада басталып, Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылында жалғасын тапқан қайырымдылық шарасын жалғастырып отырмыз.
Алла Тағала баршамызға денсаулық,  аман-есен болып, армандаған мақсатымызды нәсіп еткей” және осындай сын сағатта ынтымақ бірлікте болуға шақырамыз-дейді" "Қапан қажы" мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлы.
Осындай шараға себепкер болған Зоя апайға рахметімізді айтып сауабын Жұмашов Тасу ағамызға бағыштап Құран оқылды.