Жылыой ауданында Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан онлайн жарыс өтті





Екі аптаға созылған жарысқа 20-ға жуық үміткер қатысып, бақ сынасты.
“Алла Тағаланың сипаттары, есімдері жаратылыстың сипаттары мен есімдеріне ұқсамайтын ерекшелікке ие. Себебі Жаратушыға ұқсайтын ештеңе жоқ.
Құранда былай делінеді: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (Ағраф сүресі, 180-аят) Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): 
«Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» деген. Сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.):«Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Жүз бірсіз, кім оларды зікір етіп жүрсе жәннатқа кіреді», – деп айтқан. (Әл Бухари, Муслим)” дейді Жылыой мешітінің ұстазы Думан Балықшиев.
Ұлдар арасында өткен сайыста бірінші орынды Ұлан Бағдатұлы иеленді. Екінші және үшінші орынды Қадыр Жұмабекұлы мен Амин Алматұлы өзара бөлісті.
Қыздар арасында өткен рухани сайыста бірінші орын Толқын Нұрахметқызы мен Айнұр Сүлейменқызына бұйырды.
Жайнагүл Сағдатқызы мен Сандуғаш Жұмабекқызы екінші, үшінші орын тұғырынан көрінді."Қапан қажы"мешітінің жамағаттары Демеу Гүлсім,Демеу Әмина сертификатпен және сайыс жеңімпаздары қаржылай сыйлықпен марапатталды.