



Осыған орай, Атырау облысы, Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінің Бас имамы Жамбыл Демеуұлы бастаған Шоқпартоғай жамағаты да республикалық қайырымдылық марафонын бірауыздан қолдап, оған белсенді түрде атсалысты.
Осының нәтижесінде, «Тайқазан» жобасы бойынша өткен аталмыш марафон барысында және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүгедек жандар мен зейнеткерлерге арнайы дайындалған сүбелі азық-түлік қоржыны таратылды.
Жұмадағы тілек қабыл болып, сауапты іске атсалысқан барша жомарт жерлестерімізге Алланың нұры жаусын!