













Аталмыш жоба аясында бүгін Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешіті бастап, Атырау қаласындағы және аудандардағы барлық мешітерде 410 отбасына азық-түлік пакеті үлестірілді. Жоба аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж, көп балалы отбасылар қамтылып отыр.
Жобаның мақсаты – халқымызды қайырымдылық, ізгілік жолында біріктіре түсу. Қазақ халқында тайқазан қашан да қасиетті саналған. Тайқазан әркез берекенің, ырыстың, молшылықтың символы болып келді. Жобаның артында қоғамымыздағы ырыс, ынтымақ, береке одан әрі нығая түссін деген ізгі ниет жатыр” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.