
Сағындықов Райымбек Рамитжанұлы Алматы қаласындағы Нұр – Мүбәрак университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2017 жылы Ақтөбе облысы, Ембі ауданындағы «Нұр» мешітінде бас имамдықтан бастаған. Әр кезеңде Ақтөбе орталық «Нұр-ғасыр» мешітінде, Атырау қаласындағы «Әт-Тақуа» мешітінде және Алматы қаласындағы «Нұр-мүбарак» мешітінде имамдық практикадан өткен.
Жаңа имамға ақсақалдар бата беріп, жұмысына сәттілік тіледі. Ал, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылдық округ әкімі Марат Қабиденов ауыл имамына қызметтік пәтер кілтін табыс етті.