«Дін және зайырлы қоғам»

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында, зиялы қауым жəне ауыл ақсақалдарымен «Дін және зайырлы қоғам» атты тақырыпта дастархан басында кездесу өтті. Жиылысқа Қапан қажы мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы қатысып діндегі ізгі қасиеттер жайлы сөз етіп, насихат айтты. Ауыл тұрғындарының көкейіндегі жүрген сұрақтарына жауап берді.