Ішкі саясат басқармасы мамандарымен кездесу өтті.


ҚМДБ-на қарасты "Жылыой мұсылмандары" мешітінің бас имамы Ж.Қағазғалиев,"Қапан қажы" мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл, "Нұрқас-Сатыбалды"мешітінің имамы А.Сарсекеев, "Қосшағыл" мұсылмандар  мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы, "Тұрғызба" мешітінің " имамы Саламат,"Майкөмген"мешітінің имамы Сағындықов Райымбек,"Есенгелді Нұршаұлы" мешітінің имамы Орынбаев Қанапия өкілдерінің, ішкі саясат басқармасы мамандарымен кездесуі өтті. Діни радикалдық мәселесі, сондай-ақ ауданымыздағы дәстүрлі емес ағымдардың  алдын алу мәселелері талқыланды. Елбасының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Діни саласындағы 2021 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасының негізінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында адамдармен теологиялық оңалту қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылды. Жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілердің негізінде осы қызметке  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыратын діни бірлестіктерімен бірігіп тығыз жұмыс жасау. Жоғарыда көрсетілген  ҚМДБ-ның филиалы имамдарымен және Жылыой Ауданына қарасты "Қара арна" селолық ауыл әкімі Е.Елеусінов,Қаратон округінің әкімі Баимуратов Сансызбай,  бас маманы Әкім міндетін атқарушы Бозданова,Жылыой әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мамандары жиналысқа қатысып, жастарға дәстүрлі діни көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру және  теологиялық оңалту қызметінің мамандарымен кездесу ұйымдастыру. Осы бағыттағы іс-шараларды өткізу мен ұйымдастыруға қарамастан, іс-шаралардың жеке жүйелі кешенін жоспарлау мен ұйымдастыру маңызды элемент екенін ескертті. 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарланған, сондай-ақ маңызды мәселелер, адасқан ағымдармен жұмыс жасаудың жаңа әдістері талқыланды. Адасқан ағамдар өкілдерін дәстүрлі діни ұстанымдарға көшіру,  оларды қайта әлеуметтендірудің оң үрдісі, Қазақстан халқының ұлттық-рухани құндылықтарын дарыту бойынша жұмыстардың келешегі белгіленді. Өйткені, еліміздің әрбір азаматы ата- бабаларымыздың діни-тарихи мұраларынан бас тартпауы керек, керісінше салт – дәстүрлерді сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсауы керек екені айтылды.