Биылғы Рамазан айының тәртібі

Бүкіл әлемді әуреге салып, талай жанның өмірімен қош айтысуына себеп болған індеттің әлі де толастамай тұрғаны бәрімізге мәлім. Бұл індеттің біздің елімізді де айналып өтпегені де белгілі. Дегенмен, індеттің таралуы еліміздің әртүрлі аймақтарында әртүрлі деңгейде орын алып отыр. Атырау облысы да қазіргі уақытта қызыл аймақтың қатарында. Індетті ескеріп, санитарлық талаптарды назарға алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі үш түрлі, жасыл, сары, қызыл аймақтарға қатысты Рамазан айындағы ораза ұстау, тарауық намазын оқу, ауызашар, ас беру секілді істердің ережесін бекіткен еді. 

      Қапан қажы мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлы мешіт жамағатын осы ережелермен таныстырып, мешітімізде жамағатпен тарауық намазы оқылмайтындығын, ауыз ашар астары өткізілмейтіндігін жеткізіп, жамағатты індет толық жойылғанға дейін ұстамды болуға, санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. 

      Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айының артықшылықтары, оразаның екі өмірде де пайдасы жайлы түсіндірді. Жамағатты қасиетті айда ораза ұстау арқылы жанын түрлі теріс мінез-құлықтардан арылтып, тәнін саулыққа қауыштыруға шақырды. Рамазан айы Алланың берген үлкен сыйы екенін, жақсылыққа бет бұруға үлкен мүмкіндік екенін айтып, ораза ұстаушы адамға берілетін сый мен сауап жайлы баяндады
Қапан қажы мешітінің баспасөз қызметі