«Өмірдің бір қызығы – бала деген»


«Өмірдің бір қызығы – бала деген». «Бала – болашағымыз». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі.
         Бүгін Қасиетті Рамазан айының бесінші күнінде жағдайы төмен отбасылардың балдарын, бүлдіршінімізді қуанту,Қасиетті Рамазан айын сезіндіру.
          «Мұсылманның мұсылманға бес ақысының бірі,  ауырған адамды зиярат ету. Осы орайда, Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғайауылындағы "Қапан қажы "мешітінің бас имамы Ж.Ыбыраш,  ауылдағы жағдайы төмен отбасы,көп балалы аналардың жағдайын сұрап, арнайы шаңырағына барып келді.
 Бүлдіршіндердің көздерінде үлкен қуаныш және жүзінде нұр жанып тұрғанын байқалды. 
           Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасы мен өскен ортасының тигізетін әсері мол. Ұлы ойшыл әл-Фарабидің өзі «Тәрбиенің негізі – еңбекте» дейді. Тіпті, білім алудың өзі еңбек арқылы келеді. «Тайдың – мінілгені, баланың – жұмсалғаны білінбейді» десек те, егемен елдің ертеңі болар бүгінгі өрендерге жан-жақты тәрбие беріп, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз етіп, толыққанды білім алуына жағдай жасау Қазақ елінің басты міндеті. Бұл ретте ашық қоғам, мешіттердің атқарар рөлі зор.
          Кездесу соңында  сыйлықтар,азық-түліктер табысталды.