Зират жəне ғибрат.




Атырау облысы ,Жылыой ауданы,Қараша өңіріндегі есімі елге танымал, сол жерде мешіт тұрғызып, шəкірт тəрбиеленген ғұлама, əулие "Сұпы ата" /Аманжол Маңдайұлы/ мешітіне "Рухани жаңғыру" және "Дархан дала"жобасы аясында зират жасап қайттық. Басына келушілерге Жамбыл қажы Демеу ұлы зират жəне ғибрат, қабыр əдебі, істелуге тыйым салынған мәселелерді түсіндірді.Осы шараны өткізуге және дастархан жайып тумалардың басын қосқан Мәмбеталиев Нұрлыбай ағамызға Алла разы болсын. Бұл мешіт "Сұпы атамыздың " аталары Тойсары 1648 жылы тұрғызылған деген Жанаш Нұрмахановтың деректерінде кездеседі.