«Діни экстремизмнің алдын алу,жат ағымдардан сақтану жолдары »

Қарашаның 22-күні Жылыой ауданы, Шоқпарторай елді-мекені №3 мектепте «Діни экстремизмнің алдын алу,жат ағымдардан сақтану жолдары » тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Шоқпартоғай ауыл әкімі Е.Елеусінов , «Жылыой аудандық мұсылмандары» мешітінің найб имамы С.Ясин,Жылыой ауданы әкімі жанындағы «Аналар кеңесі»төрайымы,мұнайшы зинеткерИсаинова Мұстахима,Жылыой аудандық АТО теологы Есқайыров Асланбек,Жылыой ауданды әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі бастығы Ідірісов Айтқали, «Кең Жылыой» газетінің тілшісі Шанханова Жұмабике,АНТ мүшесі Байжанов Жарылғасын, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш және мектеп оқушылары мен мектеп ұстаздары қатысты. «Жылыой аудандық орталық» мешітінің найб имамы С.Ясин « Діни экстемизмнің алдын алу, балаларды діни секталардан сақтандыру жолында аудан көлеміндегі іс-шараларды,дін жолындағы отбасы балаларының мәселелері және дәстүрлі дініміз жастарға тек жақсылыққа жетелейтінін және балаға барынша көңіл бөлу, Хақ тағала Алланың жолымен жүруді үйрету –қасиетті Құран кәрімде де келтірілгенін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Ата-Ананың балаға бере алатынының ең құндысы-жақсы тәрбие» дегенін. Сонымен қатар діннің атын жамылған кереғар ағымдардан сақтануға шақырды.
Кездесу соңында оқушылар мен ұстаздар, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын келген имамға қойып тұшымды түрде жауаптарын алды.
«Қапан қажы» 
мешіттің баспасөз қызметі ,