"Қапан қажы"мешітінде ұстаз Ғалымжан Жұмажанұлы қонақта болды.

Бүгін Алланың қалауымен "Қапан қажы"мешітіне Құптан намазына "Тұрғызба"мешітінің ұстазы ,Ливан қаласындағы "Әл-Джинан"университетінің түлегі ұстаз Ғалымжан Жұмажанұлы келеді. Алла тағаланың пендесіне берген ұлы нығметі тура жолына түсіруі. Өйткені Ол кімді қаласа тура жолға түсіреді, кімді қаласа адастырады. Алайда тәубе етіп, дұға жасаған құлына әрдайым мейірімді.  Ғалымжан ұстаз арамыздан, санамыздан алыстаған сайын адасу мүмкіндігі жиілей түспек екендігін және ілім алу керектігін жамағатқа айтып түсіндірді.
Осы орайда Шоқпартоғай ауылдық «Қапан қажы» мешітінде теріс діни ағымдар жайлы түсіндіріліп,  уағыз айтылды. Жиылған жамағатқа, уағыз айтқан қонақтарға аулымыздың бас имамы Жамбыл Демеуұлы  рахметін айтып қонақтарға сыйлықтар табысталып,жолданған сауалдарға жауап беріп, Алла тағаладан тура жолдан тайдырмауды сұрап дұға қылды.
«Қапан қажы»
мешітінің баспасөз қызметі