
Сондай-ақ, жаңбыр жаумай қалуы не себепті болуы мүмкін екендігі, жаңбырдың жаумауы мен адамдардың күнәларының байланысы туралы сөз етті. Өйткені, Алла Тағала Худ пайғамбардың (ғ.с.) өз қауымына мынадай насихат айтқаны баяндайды: «Уа, қауымым! Істеген күнәларың үшін Раббыларыңнан кешірім тілеп, тәубеге келіңдер! Сонда Ол сендерге көктен мол жаңбыр жауғызып, күштеріңе күш қосып, қуаттарыңды арттырады. Насихатыма құлақ аспай теріс айналып, күнәһар болмаңдар» (Худ сүресі, 52 аят).
Осы орайда төрт-түлік малымыз бен басқа да дүние мүлкіміздің зекетін, егініміздің ұшырын берудің маңыздылығын еске салды. Себебі, зекет пен ұшыр – Ислам дінінің бес парызының, бес тірегінің бірі екендігі белгілі. Мұны орындамау – үлкен күнәлардың қатарына жатады. Төрт түлік малды көбейтіп, егінімізді өсіріп, саудамыз бен кәсібімізге береке беретін Алла Тағала екенін ұмытпауымыз қажет. Сондай-ақ, бізді осындай нығметке бөлеген Раббымызға шүкірлік етіп, парыз қылған зекетін жоқ-жітіктер мен мұқтаж жандарға, қарызға батқан кісілерге, Алла жолына жұмсау – біздің мұсылмандық және адамдық парызымыз болмақ -деп "Қапан қажы"мешітінің имамы
Жамбыл Демеуұлы осындай тақырыпта насихат айтып, сосын барлығы бірдей бір сапта тұрып жаңбыр тілеу намазын оқып, Алладан тілек тілеп, жаңбыр сұрады. Тасаттық берілетін орынға барып,осы шараны өткізуге белсенділік танытқан Демесінов Асылбек,Ерғалиев Бағытжан,Карагулов Бауыржан және т.б.ауыл азаматтары мен азаматшаларына, Мешіт имамы Жамбыл қажы ризашылығын білдіріп, Құран оқып,Құлымжан ақсақал батасын беріп, дұға жасалып, ас берілді.Сойылған малдың жарты етін 6 мұқтаж отбасыларына және 4 шаңыраққа ақшалай көмек жасалды.
"Қапан қажы ' мешітінің баспасөз қызметі