Ас беру өте сауапты амал

Пайғамбарымыз Мұхаммед/с.ғ.с/Хадисінде ас беру өте сауапты амал делінген. Әсіресе ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы мыңдаған есе артады. Ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады - делінген.  Қасиетті Рамазан айында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы 1991 жылғы өмір есігін ашқан іні-қарындастарымыз 100-ге жуық ауыл тұрғындарына ауыз ашар ұйымдастырып,  барша жамағатпен бір дастарxан басында қауышып, Алла тағаладан еліміздің бейбітшілігін, xалқымыздың амандығын тіледік . "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жамағатқа тартымды уағыздарын айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, мешіт жамағаты атынан сыйлықтар тарту етілді.   Алла тағала сауаптан жазсын!