"Қапан қажы"мешітінде қадір түні

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауындағы"Қапан қажы"мешітінде қадір түні атап өтілді. 
Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.с.) Айша (р.а.) анамыз Қадір түнінің қай түн екенін білсем қалай дұға жасайын деп сұрағанда: "Уа, Аллаһым! Еш күмәнсіз сен өте кешірімдісің, ғафу етушісің, өте жомартсың, көп жақсылық, нығмет берушісің. Кешіруді, ғафу етуді жақсы көресің. Ендеше мені де кешіргейсің, кешіріміңнен мақұрым қалдырмағайсың", - деп дұға жаса деген. (Тирмизи, Дәғауат 84) Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қадір түнінің ерекшелігі жайлы бір хадисінде:
"Кім Қадір түнін шыныйы иманмен/сеніммен және (Алланың разылығын көздеп) сауабын Алладан күтіп, ғибадатпен өткізсе өткен күнәлары кешіріледі...", - деген. (Бұхари, Саум 6)-деп" Қапан қажы" мешітінің имамыЖамбыл қажы Демеуұлы жамағатымыздан марқұм болған Жориев Қуаныш-Қалдыбике,Дарғалиев Сағын-Набира Маху қызы, Қауқанаев Орекеш,Светлана Мақсотқызы атарынан Құран бағышталып,балдары келген жамағаттарға тегін кітәптар таратты.Қадір түнінің ауыз ашар мен сәріні Алшын Сақыш анамыздың балдары қыздары ұйымдастырып,Анасына балдары Құран шығарып хатым етілді.
Қадір түнініндегі Алла тағаланың қадіріне, құрметіне, кешіріміне, берекетіне бөленіңіздер. Алланың алдында қадірлеріңіз жоғары болсын. Алдымыздағы айтқа тап-таза қауышуды Алла тағалам нәсіп етсін.