Наурыз мейрамын атап өтті

Ассалаумағалайкум құрметті бауырлар! . Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінің қасындағы "Қара -арна"селолық округінің əкімі Е.Елеусіновтің жəне 3 мектеп директоры Ш. Оңғарбаеваның ұйымдастыруыменен
Шоқпартоғайлықтар Наурыздың 20 сі күні, ұлыстың ұлы күні қасиетті Наурыз мейрамын атап өтті. Халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттайтын шаралар, наурыз көже және күрес, қол күрес т.б ойын түрлері болды.Алла тағала елімізге тыныштық, ауызбіршілік, ынтымақ бірлік берсін. Келесі жылғы Наурызға аман есен жетуді баршаңа Алла нәсіп етсін.