«Жамағат қуанып кетті»

«Жамағат қуанып кетті». Жап жаңа кілеммен бірге,кітәп қоятын шкафты мешітке сыйға тартты.
Атырау облысы, Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылында сәні мен сәулеті жарасқан «Қапан қажы» мешіт 2000 жылы бой көтеріп, пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары , құлшылық ордасының ғимараты жергілікті Балжігітов Қапан,Ырысты қажылырдың балдарының қолдауымен тұрғызылған. — Бұл игі іс бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген барша ауыл тұрғындарының қажырлы еңбегінің жемісі. Мешіттің бой көтеруіне үлес қосқан әрқайсыңызға ризашылығымды білдіремін. Мешіт имандылық пен жақсылықтың ұйытқысы болсын. Әрдайым еліміздің тыныштығы мен бірлігінің сақталуына қызмет етсін, – деген ауыл тұрғыны Бөлтеков Сәндібек Мұратұлы мешітке Қасиетті Шағбан айында су жаңа кілем тарту етті.
«Қапан қажы» мешіттің бас имамы Жамбыл қажы Ыбыраш мешітке ізгі амалдар жасап жатқан жамағаттарға Құран аяттарын оқып, ата-баба рухына дұға бағыштады.Мешітке келушілерге барлық жағдай жасалған. Мұнда намаз оқитын үлкен зал, кітапхана мен қосымша бөлме бар.