Рамазан айына дайындық

Рамазан қарсаңында: «Қапан қажы» мешітінде игі істер атқарылуда
Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айына дайындық Жылыой ауданына қарасты мешіттерінде қыза түсті.
Қазіргі таңда Құлсары қаласына қарасты Шоқпартоғай ауылында орналасқан «Қапан қажы» мешітінде жан-жақты тазалық жұмыстары, әктеу-сырлау шараларымен бірге, жаңа кілем,жаңа перделер,безендіру жүргізілді..
Мешіт ауласына түрлі баннерлер ілінді. Онда мұсылман баласы тәлім алатын хадис-шарифтер жазылған.
«Сондай ақ, ауылымызда отыз күн ораза бойы жамағат үшін тегін ауызашар дастарханы жайылады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүруде» дейді «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Жамбыл Ыбыраш.
Қасиетті Рамазан қарсаңында аталмыш мешіттің бас имамы Жамбыл Демеуұлы қайырымдылық іс жасап, өзгелерге үлгі көрсетті.