"Қандай жақсы амалдар жасауыма болады?"

Пайғамбарымыз Мұхаммбет (с.ғ.с) мүбарак Хадисінде: "Шын мәнінде, амалдар тек қана ниетке байланысты", — деп айтылғанындай кез келген амал ниетпен өлшенеді. Құлшылық мәселесінде мұсылман адамның ниетін жаңартып тұруы маңызды. Рамазан айында өзімізге "Қандай жақсы амалдар жасауыма болады?" деген сұрақ қойып, шамам келеді деген амалдарды тізіп, іске асыруды шынайы түрде ниеттенгеніміз жөн. Тіпті істей алмай қалған жағдайдың өзінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: "Кім жақсы іс істеуді ниет етсе, бірақ оны орындамаса, Алла өз қасында толық бір жақсы іс жасағанындай жазады", — деп айтылғанындай істегендей сауап жазылуы үміт етіледі. 
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы "мешітіне 1996 жылғы туылған түлектердің атынан су ішуге арналған құрылғы Диспенсер 19 литрлік тарту етіп еді ,міне соның жалғасы ауылмыздың екі азаматы (есімдерін айпауды өтінді ) 10шт дайын суын мешітке хадия қылды.Алла разы болсын . Баска да бауырларымызға үлгі болу мақсатында беріліп жатырған игі істерін сауаптан жазып Қияметте алдарынан сауап болып шығуды Аллаһ нәсіп етсін. Мешіт имамы Ж.Ыбыраш жастарға алғыс білдіріп, батасын берді.