«Айбек-ОҚЫРМАНДАР ОРТАСЫНДА»


Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылында № 3 мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Айбек Қалмағанбетовтің « БАҚЫТ МЕКЕНІ» өлеңдер мен дастандар жинағы кітабының беташары өтті. Кештің мақсаты өміршең өлеңдерді насихаттау, оқушыларды мәнерлеп оқуға тәрбиелеу, туған жер, Отанын сүюге, поэзияны қүрметтеуге жетелеп, бағыт-бағдар беру болатын.
Шараға №3 мектеп директоры Шолпан Оңғарбаева,Айбекті оқытқан ұстаздар Есенкул Жиенкулов,Роза,Күнзия,Бекболат, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш,ауыл ақыны Дүйсенбек Бөкенов,ауыл тұрғындары,кластастары мен мектеп оқушылары қатысты.Шараны ұйымдастыру алқасы өте жоғары деңгейде өткізді және бір таңқалғаным-өтетін уақытты таңдауда көрегендік көрсетті. Қасиетті Рамазан айында,Ұлы Жеңіс күні,қасиетті Жұма күні және ораза ұстап жатқан Ауыл тұрғындарына « Қапан қажы» мешітінде « Ауыз ашар» беріп,соғысқа қатысқан әкесі Кеңсеәріге құран бағыштатты.Мектеп оқушылыры,немерелері Ақын кітәбынан өлеңдерін мәнерлеп оқып,келген халықты толқытып тастады.Ақынның бұл жыр жинағына туған жер,қоғам,табиғат,махаббат,ақындық тақырыптарын қамтитын лирикалары мен дастандары енген екен.Тілі көркем,шұрайлы өте жеңіл.Ақын мешіт кітапханасына «Бақат мекені» кітабын табыстап,жамағат қуанып қалды. «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы батасын беріп,еңбегінің жемісті болуын тіледі.