Рамазан айындағы игілікті шаралар

Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында 
Қасиетті Рамазан айында асыл дініміздің мерейін асқақтатын шаруалар аз емес. Соның бірі мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасау. Сонымен қатар "Халықаралық отбасы күніне" жəне жамағат бірлігін арттыратын 1984 жылғы дүние есігін ашқан ұл-қыздары, жастарымыз Құлсары -Шоқпартоғай автобус көлігін бір күн тегін жүруге игілікті шаралар атқарылып,аталары мен əжелерінің баталарын алуда.Ауыл мешітінде
Рамазан айында бір айлық және мешіт жамағатына арналған діни сауат ашу курсы ашылып, жұмыс жүргізілуде. Аллаға деген құлшылықтың бірі-Құран оқу болса, мешітте үлкен шапағатты Рамазан айында Хатым Құранды жамағатпен оқып хатым етілуде. "Қапан қажы" мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлының ұйытқы болуымен "Жақсылықта жарысайық" акциясына атсалысып жатқан жастарымызға мешіт имамы Жамбыл қажы Демеуұлы ризашылығын білдіріп, осындай игілікке толы шаралар әрқашан ауыл xалқының ыстық ықыласын тудырады деген үміттемін -деп, 53 автобус жүргізушісіне Ауыл тұрғындарының атанан сыйлық табыстап, Рамазан фазилаттары турасында жазылған парақшалар ілді.