180-ге жуық ауыл тұрғындарына ауыз ашар

Алланың Пайғамбары Мұхаммед/с.ғ.с/Хадисінде ас беру өте сауапты амал делінген. Әсіресе ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы мыңдаған есе артады. Ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады - делінген. 
Қасиетті Рамазан айында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы 1994 жылғы өмір есігін ашқан іні-қарындастарымыз 180-ге жуық ауыл тұрғындарына ауыз ашар ұйымдастырып, барша жамағатпен бір дастарxан басында қауышып, Алла тағаладан еліміздің бейбітшілігін, xалқымыздың амандығын тіледік . "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жамағатқа тартымды уағыздарын айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, мешіт жамағаты атынан сыйлықтар тарту етілді. Алла тағала сауаптан жазсын!