Алланың 99 көркем есімдер

Атырау облысы, Жылыой ауданы, "Жылыой мұсылмандар" мешітінің ұйымдастыруымен әйел қыздар арасында Алланың 99 көркем есімдері "Әсмәул хуснә " сайысы қасиетті Жұма күні ұйымдастырылды. Сайысқа мынандай талаптар қойылды. Әріптердің дұрыс дыбысталуы, Қазақша мағыналарын білуі. Осы сайысқа "Қапан қажы " мешітінің қыздары қатысып 3-ші орын Демеу Рабиға жеңіп алды. "Қапан қажы " мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы мешітімізден қатысқан қыздарды сыйлықтармен марапаттады. Алла оларды үлкен белестерден көріне беруді нәсіп етсін ! -деп Исахаев Есмұрат батасын берді.