АО" Қазақстан темір жолы"

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш және АО" Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының Атырау Магистралдық желі бөлімшесі Құлсары ПЧ-11 дистанциясының басшылары, Қызылорда, Ауыл теміржол жұмысшылары Қасиетті жұма күні яғни 28.06.2019жылы Жаратушыдан Қазахстанның амандығын, Арыс жұртшылығының саулығын сұрап №70 разьезде құрбандық шалып,дастархан жайылып, бірлесіп дұға жасап, Алладан тыныштық,береке,ауызбіршілік,жұмыстарының берекелі бітуіне Жаратқаннан дұға тіледі. Еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы ең басты байлығымыз. Біз Арыс халқымен біргеміз және олардың қайғысына ортақпыз. Осындайда тұтас ел болып бірігіп, қиын жағдайда бауырларымызға жан-жақты қолдау білдіруіміз керек. Алла Тағала елімізді тыныштықта сақтағай" деді -деп мекеме басшылары Ж.Кубеев,Б.Қиқов т.б.тілектерін білдірді. Еске сала кетелік, Арыс қаласындағы әскери полигонда снарядтар жарылып бірнеше адам көз жұмған болатын, Алла жандарын жәннаттық қылсын. Қазіргі уақытта қалада төтенше жағдай жарияланып, арыстықтар дереу Шымкент қаласына орналастырылып,бүгін үйлеріне оралуда. Алла тағала баршамызға сабырлық,ынтымақ,бірлік нәсіп етсін !