Ең құрметті төрт ай және олардың қасиеті болу себебі

Ең құрметті төрт ай және олардың қасиеті болу себебі 
Алла Тағала он екі айдың ішінде төрт айды аса құрметті етті. Олар — Зулқағда,Зулхижжа, Мұхарам және Режеп айлары. Жамбыл Демеуұлы бұл айлардың неге қасиетті болғанын былай әңгімелеп берді: 
Зулқағда деген сөздің қазақша мағынасы — отыру, отырушы дегенді білдіреді. Олай аталуының себебі — араб халықтары бір-бірімен жиі соғысқан. Жылдың көп уақытын өзара шайқаспен өткізген. Бірақ, кейбір айларда мүлдем соғыспайтын болған. Міне, сол соғыспайтын айдың бірі — осы. 
Зулхижжа айы. Бұл айдың атауындағы "хижжа" сөзі қажылық деген мағынаны білдіреді. Қазіргі қажылықтан айырмашылығы болғанмен, бұрынғы адамдар да қажыға баратын. Мекке қаласына келген арабтар қажылық өтеген екен. Сондықтан, осы ай Зулхижжа деп аталады. 
Үшіншісі — Мұхаррам айы. Бұл айдың аты "харам", яғни, арам деген мағынадан шығады. Бұл айдың атауы неге харам деген сөзбен түбірлес болды дегенге келсек, харам деген сөздің шын мағынасы негізінде қасиетті дегенді білдіреді. Бұл сөздің философиялық мағынасы да терең. Мәселен, сіз үшін өте қасиетті нәрсе болса, оған барып біреу қол салса, сізге қасиетті нәрсе, оған харам болып шыға келеді. Сонда ол үшін харам нәрсе сіздің қасиетті дүниеңіз. Мұхаррам деген сөз өте қасиетті дегенді білдіреді. Және арабтар исламға дейін де бұл айда соғыспаған екен. Бұл да болса Мұхаррам айының қасиетін арттыра түседі.