Мекке-мәдинаға аттанды

Атырау облысы, Жылыой өңірінен ұлы сапар Қажылыққа 14 адам бара жатыр, оның 11 ер адам, 3 әйел адам. Шоқпартоғайдан Алла қаласа төрт адам қасиетті мекке-мәдинаға аттанып барады.Әлім бауырымыз дастарқан жайып садақа берді."Қапан қажы" мешітінің бас имам Жамбыл Демеуұлы Ұлы сапарға аттанып бара жатқан жерлестерімізге Қажылық туралы уағыз-насихат айтып, соңынан " Қара арна" селолық округінің әкімінің орынбасары С.Сенгірбаев батасын берді. Қажыларымыздың сапарына АҚ ЖОЛ тілейміз!