ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қадірлі ағайын!
Күні ертең, 11 тамызда, Әлем мұсылмандары жыл бойы асыға күткен ұлық мереке – Құрбан айт басталмақ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және «Қапан қажы» мешіті ұжымының атынан баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 
Құрбан айт – пендені Алланың рақым-мейіріміне бөлеп қана қоймай, халықтың бірлігі мен бауырластығын және өзара қарым-қатынасын нығайтуға жол ашады. Бұл ұлы мейрамда алдымен айт намазы оқылып, кейін құрбандық шалынады. Кең дастарқан жайылып, бір-бірінің үйіне барып айттайды. Осылайша, мұсылман мерекесі құлшылықпен басталып, өзінің барлық сән-салтанатымен имандылық думанына жалғасады.
Игілік пен бірлік, ізгілік пен мейірімділік мерекесінде жасаған дұға-тілектеріңіз бен сауапты амалдарыңыз және шалған құрбандықтарыңыз қабыл болғай! Әрбір отбасыға – амандық, денге – саулық, жұмыста табысты болуды тілеймін! Еліміздің егемендігі – баянды, Тәуелсіздігіміз – тұғырлы болғай! Айт мүбәрак болсын! Әумин!
Құрметпен, "Қапан қажы" имамы
Жамбыл қажы Ыбыраш